Кентауда жұмысшылар ереуілге шықты (видео)
12-02-2021
«Almaty steklo» зауытын құрған кәсіпкер Әзім Абдуллаев кәсібіне экс-президенттің інісі Болат Назарбаев рейдерлік шабуыл жасап, тең жартысын иеленіп алғанын айтады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Әзім Абдуллаевтың айтуынша, арақ-шарап шығаратын «Шалқар-17» деген зауытына да Болат Назарбаев бірге иелік еткен, биыл ғана өзіне қайтарған. «Қайтару үшін 5 миллион доллар ақша бердік» дейді. Қарасай ауданында орналасқан «Бахар» мейрамханасында да Назарбаевтың үлесі бар. деп айтылады. Кәсіпкер «мейрамхананы анамыздың есімімен Бахар деп атағанбыз» дейді.
Абдуллаев отбасы наурыздың соңында Болат Назарбаев пен Нұрбол Назарбаевтың әрекетіне байланысты Бас прокуратураға, Ішкі істер министрлігіне шағым түсірген. Әзірге жауап келмегенін айтады.
Әзім Абдуллаев қазір кәсібін Болат Назарбаевтан өзіне толық қайтарып алғысы келеді. Ұзақ жылдар бойғы "қорқытумен беріп келген ақшаның" да өтеуін сұрамақ.