Қызылордаға «ханның қызының» орнына Сапарбаевтың інісі әкім болды

Oinet.kz 07-04-2022 1491

Президент Тоқаевтың жарлығымен Нұрлыбек Мәшбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Нұрлыбек Нәлібаев - Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаевтың інісі. Ол желіде "ханның қызы" деген атпен танылған Гүлшара Әбдіхалықованы алмастырды.

Screenshot_10.jpg

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2005–2007 жж. — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 

2007-2008 жж. — Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 

2008-2013 жж. — Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі. 

2013-2021 жж. — Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.

2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

«Болат Назарбаевтан өз зауытымызды қайтарып алу үшін 5 млн доллар бердік»
Жамбылдың жаңа әкімі туралы жұрт не біледі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу