Ералы Тоғжанов: 1 миллионнан астам жұмысшының жалақысы 50%-ға өсті

Oinet.kz 06-04-2022 2254

Жыл басынан бері еңбек даулары бар 140 проблемалық кәсіпорын анықталып, оның 91-інде мәселе шешілген. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәжілістің жалпы отырысында айтты. 

Screenshot_8.jpg

"Жыл басынан бері еңбек даулары бар 140 проблемалық кәсіпорын анықталып, 91-інде мәселе шешілді. 49 кәсіпорында жұмыс жүргізілуде. 800-ден аса заң бұзушылық жойылып, 10 мыңға жуық қызметкердің құқығы қорғалды. Екіншіден, 200 кәсіпорында 2,7 мыңнан аса жұмыскер жалақысы бойынша берешекті өтеу қамтамасыз етілді. Үшіншіден, 1 миллионнан астам жұмысшының жалақысы 5-тен 50%-ға дейін көтерілді" ,- деді Ералы Тоғжанов. 

Сондай-ақ, ол қызмет көрсетуші компаниялар қызметкерлерінің жалақысы негізгі компания қызметкерлерінің орташа жалақысының 70%-на теңестірілгенін еске салды. 

"Бесіншіден, бүгінде депутаттық корпуспен бірге кәсіподақ қозғалысын жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соңғы кездегі еңбек жанжалдары еңбек қатынастарын реттеуде жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуы жеткіліксіз екенін және олардың ұжым ісінен оқшаулану проблемалары бар екенін көрсетті", - деді үкімет басшысының орынбасары. 

Тоқаев Назарбаевтың тұсындағы жүйені сынға алды
Полиция департаментінің баспасөз хатшысы өзін қалай өлтірмекші болғаны белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу