Полиция департаментінің баспасөз хатшысы өзін қалай өлтірмекші болғаны белгілі болды
Өзіне қол жұмсамақ болған Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның жағдайы белгілі болды.
Ол жедел-жәрдеммен қалалық Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізіліп, жан сақтау бөліміне жатқызылған. Әлі есін жимаған көрінеді.
"Түскен кездегі жағдайы ауыр, команың 1-дәрежесі бар. Қазір реанимацияда ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр. Алдын ала болжам бойынша, пациент суицид жасау мақсатында көп дәрі ішкен", – деп жазылған Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.