Министр 300 мың теңге жалақыға да жұмыс істегісі келмейтіндерді сынға алды

Oinet.kz 05-04-2022 2248

Халықты қымбатшылық қысып келеді. Азаматтардың алатын жалақылары күнделікті азық-түліктен артылмай жатыр. Мұндай кезде қазақстандықтар не істеуі керек? Бұл сұраққа ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысынан кейін кулуарда жауап берді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап. 

Screenshot_11.jpg

"Ол үшін жұмыс істеу керек. Көп жағдайда естіп жататыным зауыттар мен кәсіпорындарда 300 мың теңгеге жұмысшылар келмейді дейді. Ондай фактілер бар. Ондай жалақыға жұмыс істегісі келмей, еркін жүріп нағыз қоғамдық жұмысқа араласқысы келмейтіндер бар. Сондай масылдық бары белгілі. Дегенменде, менің негізгі кеңесім - жұмыс істеу. Жұмыс істеймін дейтін адамға бәрі бар. Кәсіп ашқысы келсе де барлық мүмкіндік жасалып отыр", - деді ол.

Сондай-ақ министр ең табысы төмен санаттағы  азаматтардың жағдайы барынша жасалып отырғанын айтты. Айтуынша, бұл мақсатта бюжеттен қаржы мен инвестициялар құйылып жұмыс жүргізілуде.

"Халықтың тұрмыс-жағдайын бизнес саласында араласып жүргенсоң білеміз. Егер жұмыс жоқ деп жата берсек, жұмыс аспаннан түспейді. Ең бастысы, қандай жұмыс болсада ұялмау қажет", - деді Жамаубаев.

Қырылған халқын көрген Зеленский көзіне жас алып жылап қалды
Қазақстанда зейнетақы мөлшері тағы өседі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу