Тоқаев Алматыда алаңға шыққандарға сенбейтінін айтты
«Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы оқиғасына қатысты жазықсыз қамалды деген адамдарға қатысты ойын айтты.
"Бұзақылар туралы мәселеге келсек. Кейбір адамдар жазықсыз азаматтарды еш себепсіз қамауға алды деп ойлайды да, осындай жалған ұрандарды ел ішінде таратады. Бірақ, мынаны ұмытпауымыз керек, солардың ішінде лаңкестер де, қылмыскерлер де бар. Қараңызшы, мыңдаған адам қаланы қиратып, нағыз террористік әрекеттерге барды. Бірақ, қазір бәрі жай ғана бейбіт азаматтар болып шықты. Бұған кім сенеді? Жалпы, лаңкестерді, қарақшыларды халық қаһармандары, батырлары деп айтуға болмайды. Бұл – ешқандай шындыққа келмейтін жалған уәж", - деді Президент.