Дархан Мыңбай, министр: «Телеарналар 110 мемлекеттің аумағында қолжетімді болады»

Oinet.kz 06-12-2012 944

Screenshot_5.jpg

Елімізде отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту көзделіп отыр. Техникалық жаңғырту эфирлік сандық телевизияны енгізу және «Қазмедиа орталығы» телерадио кешені төңірегінде өндірістік инфрақұрылымды дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады. Сөйтіп, 2017 жылға қарай халықтың 100 пайызы сандық сигналды қабылдауға мүмкіндік алмақ. Ал, 2020 жылға қарай ұлттық спутниктік желісінің абоненттері 1 миллионға жетіп, қазақстандық телеарналар 110 мемлекеттің аумағында қолжетімді болады. Ал ғаламтордағы электронды және басылым бұқаралық ақпарат құралдары 95 пайызды құрамақ. 

Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай осындай деректерді мәлім етті. Премьер-министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен отырыста «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңды іске асыру туралы» қаулы жобасы және «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Президент Жарлығының жобасы қабылданды. Елбасы тапсырмасы бойынша әзірленген «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы жөнінде баяндаған Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай отандық ақпараттық-мәдени кеңістікті дамыту - қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың құрамдас бір бөлшегі болып табылатынын атап өтті. Бағдарламаның басты бағыттарына тоқталды. «Мәдениет саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту» бағыты бойынша, халықтың мәдениет саласындағы қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі 2017 жылға қарай 61 пайызға, ал 2020 жылға қарай – 65 пайызға жетеді, ал «Мәдени мұра» жобалары туралы хабардар болу деңгейі 2017 жылы – 82 пайызды, ал, 2020 жылы – 85 пайызды құрайды деп болжануда. Бұған қоса, «Қазақстан кітапханасы» мемлекеттік электронды кітапхана қорын» пайдаланушылар қатарын 2017 жылға қарай 55 мыңға, ал 2020 жылы 57 мыңға дейін арттыру көзделуде. 

Екінші, яғни «отандық БАҚ-ты жаңғырту» бағытындағы жұмыстар «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені айналасында өндірістік инфрақұрылымды дамыту және эфирлік санды телевизияны ендіру арқылы қамтамасыз етілетін болады»,- деді министр. «Отандық ақпараттық контент-ті өндіруді ынталандыру»  бағыты аясында, 2020 жылға қарай отандық өндірістегі телевизиялық өнімдер көлемі жалпы эфирлік уақыттың 60 пайызын құрамақ. Қабылданатын шаралар нәтижесінде ғаламтордағы «.kz» және «.қаз» домендеріндегі интернет-сайттардың саны 2012 жылғымен салыстырғанда екі еселенуге тиісті. Мемлекет жыл сайын жеке меншік телеарналарда орналастырылатын және екі жақтан теңдей қаржыландырылатын телевизиялық өнімдер ауқымын жылына ең кем дегенде 15 жобаға жеткізбек. «Мемлекеттің қызметін ақпараттық сүйемелдеу» бағыты шеңберінде меморгандардың жауапкершілігі мен үйлестірілу жүйесі жетілдірілетін болады. Министр, бұл орайда мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың баспасөз қызметтерінің тиісті кәсіби білімі бар қызметкерлерінің үлесі 2017 жылға қарай 100 пайызды құрайтын болатынын айтып өтті. Сондай-ақ, аталмыш мемлекеттік бағдарлама «бюрократизмнен», яғни қағазбастылықтан құтқаруға бағытталып отыр. 

Шөкеевті аяқтан шалу кімге керек?
Жұртты шулатқан Жұмағали Исмаилов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу