Түймебаев ұстаздардың жалақысын 20 пайызға көтеру туралы бұйрыққа қол қойды

Oinet.kz 12-02-2021 4888

Жансейіт Қансейітұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің барлық қызметкерлерінің жалақысын 20 пайызға өсіру туралы бұйрыққа қол қойды. 

Screenshot_6.jpg

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үкіметке жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын арттыру мәселесін қарауды тапсырған болатын.

Осыған сәйкес, ҚазҰУ Басқарма төрағасы-ректор қызметіне кіріскен Жансейіт Түймебаев ең алдымен оқытушылар мен қызметкерлердің жалақысын 1 ақпаннан  көтеру туралы жедел шешім қабылдады. 

Бұл шара қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға және олардың әл-ауқатын жақсартуға, сондай-ақ оқытушы мамандығының беделін арттыруға бағытталған.

Кентауда жұмысшылар ереуілге шықты (видео)
Шымкент әкімі масыл кітапханаларға ақша табуды тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу