Серік Тұрбеков Елбасының саясатына қарсы ма?

Oinet.kz 22-03-2019 1054

Screenshot_16.jpg

Жуырда Астанада өткен индустриалдық форумда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке еңбек дауларына және оны туындататын жәйттардың алдын алуға баса назар аударуды тапсырғаны белгілі. Елбасының күні кеше жарық көрген  «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында да жұмысшының жалақысына айырықша көңіл бөлінгені белгілі. Қызығы сол, шенеунік біткен қазір осы мақаланы талқылап, мойындарына міндет жүктеп жатқан сәтте, Мақтарал ауданының әкімі Серік Тұрбеков бюджет қызметкерлерінің жалақысын басқа мақсатқа жұмсап жіберген. Мұны арты  әлеуметтік наразылық апарып соғатынын әкім мырзаның білмегені ме, әлде момын халық бәріне көнеді деді ме екен? Әйтеуір, Мақтаралдың тізгінін қолға алғалы бері бір емес бірнеше дау-дамайға тамызық болған Тұрбековтың әрекеті көпшілікке де, облыс әкімдігіне де түсініксіздеу болып тұр.

Кешегі күні облыс әкімдігінде алты айдың қорытындысы бойынша берген есебінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Ербол Садыр Мақтааралда жалақыға 400 миллион теңге қарыз барын мәлім етті. Қаржының басқа мақсатқа жұмсалып кеткенін Серік Тұрбековтың өзі де мойындап отыр.

--Беріліп жатқан тапсырмалар көп. Жастар орталығын ашу қажет болды,--деп ақталды ол. Жалақыны кешеуілдету жақсылыққа апармайтынын облыс басшысы да атап өтіп, аудан әкіміне жалақы қарызы мәселесін бір аптаның ішінде шешуді тапсырды. 

Мақтаралда қазына қаржысын игеру де көңіл көншітпей тұр. Қаржы басқармасының бастығы Роза Исаеваның айтуынша, былтыр осы уақытта ауданда 39 миллион теңге игерілмесе, биыл оның көлемі 204 миллион теңгеге жеткен. Көкөніс өндіру жоспары 85 пайызға ғана орындалса, тамшылатып суару бойынша берілген тапсырманың орындалуы 17,4 пайызды ғана құрайды. Мектептерге оқулық сатып әперу мәселесі де толық шешілмеген. Оқулық демекші, аудан түлектері биыл ҰБТ-да төмен нәтиже көрсеткен. Сынаққа қатысқан түлектердің саны облыстық деңгейден әлдеқайда төмен (54 пайыз). «Алтын белгіге» үміткерлердің 10,4 пайызы ғана өздерінің осы атаққа лайық екендіктерін дәлелдепті.

--Мақтарал ауданы облыстағы потенциалы жоғары ауданның бірі. Мұнда мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Алайда атқарылып отырға жұмыстарға қарап,  Мақтаарал тиісті деңгейден көріне алмай отыр,-деді жиынға төрағалық еткен облыс әкімі Асқар Мырзахметов.

Әрине, Серік Тұрбековтың іскерлігіне күмәнмен қарауға негіз жоқ. Кезінде талай мекемелерде басшылық қызметте жүріп ысылған кадрдың тәжірибесі аз емес. Алайда халқының саны жағынан кейбір облыстармен пара-пар Мақтаралдың мәселесін шешуге келгенде С.Тұрбековтың тындырымды тірлік атқара алмай отырғаны жасырын емес. Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын Мақтарал ауданының әкімі Қ.Хаметов алты айдың қорытындысы бойынша орнынан босатылып еді. Серік Тұрбеков те алдыңғы әріптесінің кебін құшпаса деңіз. Кім білсін?.. 

26.08.2012 ж

Аудан әкімдері Асқар Мырзахметовке есеп тапсырды
Шымкенттегі Еңбекші ауданының атын Асанбай Асқаров ауданы деп ауыстырсақ...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу