«Крутой» нөмір қанша теңге тұрады?

Oinet.kz 19-03-2019 1303

Screenshot_9.jpg

Бүгінде жұрттың назары көшедегі көліктен бұрын оның нөміріне ауатын болды. Соның ішінде былайғы жұрт  «крутой», полицейлердің өзі «беделді» деп атайтын номерлерге құмар ақшалы азаматтардың көптігі  жасырын емес. Бұл әрі мақтаныш, әрі нөмір иесінің әлеуметтік статусын айқындайтын бірден-бір белгі.  Құны жүз мың долларлық көлік иелерінің  928, 479 немесе 843 секілді  «сиықсыз» нөмірлерге мұрындарын шүйіре қарайтыны бар. Олардың аңсары әрі көрер көзге тартымды, әрі жаттауға ыңғайлы 001, 111, 555 пен 777 секілді  сәнді нөмірлерге ауады. «Крутой» номер алу барысында бармақ басты, көз қысты әрекетке жол берілетіні туралы әрқилы алыпқашпа әңгіме жетерлік. 

Жол полициясы комитеті енді беделді нөмірлер ресми түрде сатылымға шығарылып, саудадан түскен пайда мемлекеттік қазынаға аударылуын жүзеге асырмақ. Ерекше және жоғары сұранысқа ие «крутой» нөмірлердің тізімі жасалып, бағасы да белгіленіпті. 27 түрлі комбинация нөмірлерінің құны  1500—2500 доллар аралығында болмақ. Алдағы уақытта сауданың қыза түсетінін болжау аса қиын емес. «Беделді» нөмірді кім алғысы келмейді дейсіз?..  

Мұрағаттан, 03.05.2012 ж

Шымкенттің әкімі Қайрат Молдасейітов уәде берді
Өзбекстанды отбасы басқарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу