Түркістан облысындағы 159 ауылды түлетуге қаржы бөлінеді

Oinet.kz 19-04-2019 952

 

je-1000x700.jpeg

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XVIII  съезінде «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға 90 млрд. теңге бөлуді тапсырғаны белгілі. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі тарапынан республика бойынша жалпы 1753 перспективті елді мекеннің тізбесі анықталып, оның ішінде Түркістан облысынан 159 елді мекен еніп отыр.  Бұл туралы Түркістан қаласында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVIII конференциясында облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.

«Nur Otan» партиясы ұйымдастырған конференцияға Партия төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов пен облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев пен мәслихат депутаттары және бастауыш партия ұйымдары мен «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 -Партия съезінде «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» жобалар ұсынылған болатын. Бүгінде ол бағытта жұмыстар басталып кетті. Бұл жобаларда елдің әлеуметтік жағдайын көтеру, өңірлерді дамыту, ірі қалалардан бастап, елді мекендерді түлету шаралары қамтылған. 2019 жылы облысымызда жоба аясында іс-шараларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен 3 669,4 млн. теңге бөлініп, облыс бойынша 6 елді мекен: Бәйдібек ауданы Бәйдібек ата елді мекені, Қазығұрт ауданы Қызылқия елді мекені, Отырар ауданы Қоғам елді мекені, Сарыағаш ауданы Береке елді мекені, Келес ауданы Абай және Кентау қаласы Ынтымақ елді мекендерін қаржыландыру жоспарлануда» , – деді жиында баяндама жасаған Е.Садыр.

Конференцияда 23 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезіне қатысушы делегаттар сайланды.

WhatsApp Image 2019-04-15 at 09.38.39.jpeg

Тоқтар Әубәкіров Президенттің командасында болғысы келетінін айтты
Мәсімов Мырзахметовке Оңтүстікті туризм орталығына айналдыруды тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу