Мақтаралда орамал дауынан кейін 7 оқушы 3 ай сабаққа бармаған

Oinet.kz 19-04-2019 1086

8AC8AA74-553F-4965-AE3E-A5EC9A05EE32_w1023_r1_s.jpg

Орталық Азия жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы Фердауси мектебінде жеті оқушы 29 қаңтардан бері сабаққа бармаған. Азаттықпен сөйлескен мектеп директоры Жанар Мамырова "ата-аналар оқушылардың құқығын бұзып жатыр" дейді.

18 сәуірде Фердауси ауылының тұрғыны Сайдакбар Мирзаев пен оның інісі жеті баласын мектепке жіберуден бас тартқандарын Азаттыққа растады. Сайдакбар Мирзаевтың сөзінше, мектеп директоры Мамырова мектепке күзет қойған. "Күзетшілер қыздарыма боғауыз сөз айтқан соң [балаларым] қорқып қалған. Күзетті алып тастамаса, қыздарымды мектепке жібермеймін" дейді ол.

Мектеп директоры Мамырованың айтуынша, Мирзаевтар отбасындағы жеті қыздың сабаққа келмеуіне күзетші емес, орамал тағуға салынған тыйым себеп.

- Орамал тағуға тыйым салынғаннан соң мектепке бас киім киіп келді. Сабақта бас киіммен отыруға болмайтынын айтып оны да шешкіздік. Енді түрлі сылтаумен мектепке жібермей, оқушылардың құқығын бұзып отыр, - дейді директор.

Облыстық білім сапасын бақылау департаментінің өкілі Құдайберген Шербаев оқушылардың мектепке жібермей отырған ата-аналарға айыппұл салынып, хаттама толтырылғанын, қаулы шығарылғанын жеткізді. "23 наурыз күні әр ата-анаға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (17 675 теңге) айыппұл салынды. Бір айдың ішінде айыппұлды төлемесе, істі сотқа өткіземіз" деді департамент өкілі.

2018 жылы 5 қыркүйекте Фердауси мектебінде хиджаб дауы туған. Ормалмен сабаққа кіргізбеген мектеп әкімшілігіне орамал таққан оқушы қыздар мен олардың ата-аналары үш күн бойы наразылық танытқан. Сегіз ата-анаға әкімшілік айыппұл салынғаннан соң оқушылар мектепке дейін орамалмен келіп, сыныпқа шешіп кіре бастаған.

 

WhatsApp Image 2019-04-15 at 09.38.39.jpeg

Оңтүстік Корея Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапарымен келеді
Президенттің спортпен айналысып жатқан фотосы пайда болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу