Ресей жаңа зымырандарын Қазақстанда сынақтан өткізді (видео)

Oinet.kz 30-10-2020 2243

Ресейдің Қорғаныс министрлігі 28 қазанда Ресейдің зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің жаңа зымыранын сынақтан өткізген. Сынақ Қазақстандағы Сары-Шаған полигонында өткен. RT арнасы видеоларын көрсетті деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Kznews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ядролық қару.jpg

«Жаңа тосқауыл зымыраны «өзіне тән сипаттамаларды сенімді түрде растады, ал жауынгерлік экипаждар берілген дәлдікпен шартты нысанаға дөп тигізіп, тапсырманы ойдағыдай орындады», – деді Ресей аэроғарыш күштерінің зымыранға қарсы қорғаныс бөлімшесінің командирі генерал-майор Сергей Грабчук.

Сары-Шаған полигоны Балқаш көлінің солтүстік-батысы мен батысында Бетпақ-Дала даласында Қарағанды және Жамбыл облыстары арасында орналасқан. Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі жалға алды.

Ауыз суға бөлінген ақша қайда кетіп жатыр?
Сайлаудың салқыны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу