Сайлаудың салқыны
Парламент сайлауынан кейін айлап наразылық акциялары өтіп жатқан Белоруссиядағы жағдай Грузияда да қайталануы мүмкін. Тбилисиде 31 қазанда өткен Парламент сайлауынан соң наразылық акциялары басталды. Ресми мәліметте билік басындағы «Грузия арманы» партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетті делінеді. 48 пайыз дауыс жинаған бұл партия үкіметті өзі жасақтай алады. Оппозициялық блоктың 27 пайыз дауыс жинағаны хабарланды. Бірақ оппозиция сайлаудың ресми нәтижесіне келіспей, жаңа сайлау өткізуді талап етіп отыр.
Грузияда «Біріккен ұлттық қозғалыс» бастаған оппозициялық блок депутат мандаттарынан бас тартты. Бұл туралы блок жетекшілерінің бірі Ника Мелия мәлімдеді, деп хабарлады «Эхо Кавказа». «Біз еркін ортада жаңа сайлау өткенін талап етеміз. Біз бұған жақында жетеміз», - деп мәлімдеді Мелия. Мұның алдында «Еуропалық Грузия», «Грузия үшін мүмкіндік», «Гирчи» сынды оппозициялық күштер де Парламентке бойкот жариялайтынын мәлімдеген болатын.