30 мыңға жуық қазақстандық түрмеде отыр

Oinet.kz 23-10-2020 1081

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетовтің айтуынша, соңғы тоғыз жылда түрмедегілердің саны 57 мыңнан 30 мыңға азайған. Әлемдік рейтингте сотталғандар саны бойынша Қазақстан соңғы 18 жылда үшінші орыннан 100-інші орынға түсіпті деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Жанат Ешмағамбетов.jpg

Яғни, Қазақстан халқының 0,2%-ы түрмеде отыр.

«Бүгінгі таңда Қазақстанның пеницетарлық жүйесінде 82 мекеме бар, оларда 30 мыңға жуық адам отыр: абақтыларда – шамамен 25 мың сотталушы, 16 тергеу изоляторында – 5 мыңнан астам сотталушы бар», – деді ҚАЖК басшысы. Сотталғандардың тамағына бөлінетін ақша биылдан бастап 1,5 есе ұлғайтылмақ. Жанат Ешмағамбетовтің мәлімдеуінше, тамақтану нормативі Қазақ Тамақтану академиясының ұсынысы бойынша үкімет қаулысымен бекітілген. «Азық-түлік тізімі 26 аталымнан тұрады. Бүгінгі таңда тәуліктік норма бір адамға 630 теңгені құрайды. Қазіргі таңда министрдің тапсырмасымен біз бұл мәселені қарап жатырмыз. Азық-түліктің бұл тізімін 26-дан 32 аталымға дейін көбейту жоспарлануда. Сонымен қатар азық-түлік түрі де, сапасы да, күнделікті норма салмағы да арттырылады. Келесі жылдың басынан бастап күнделікті норма 1050 теңгені құрайтын болады», - деді комитет төрағасы брифингте.

Сондай-ақ оның айтуынша, «қазіргі бағаны және құқыққорғаушылардың ұсыныстары ескеріле отырып, тамақ барынша әр түрлі және салмағы бойынша барынша көлемді болуы тиіс».

Түркістан облысында «ЗавРайОНО» жалған дипломмен жұмыс істеген бе?
Қазақстанда 16 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істеп жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу