Өзбекстанға барған Тоқаевты әуежайдан премьер-министрдің өзі мен СІМ күтіп алды (фото)

Oinet.kz 14-04-2019 1910

8ce12a53fa8f218e43b21693ed9d6c61.jpeg

Oinet.kz - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Ташкент қаласына келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі xабарлайды.

Президент сапар аясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен жеке және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізіп, бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылмақ. Сондай-ақ, БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.

Қазақстан Президентінің борты Ташкент уақытымен 17.45-те Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайға қонды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов пен Ташкент мэрі Джахонгир Артыкходжаевтар қарсы алды.

Президенттік сайлауға қатысуы мүмкін тағы бір кандидат белгілі болды
Жетпісбаевтың есебін кідірте берген кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу