Президенттік сайлауға қатысуы мүмкін тағы бір кандидат белгілі болды

Oinet.kz 13-04-2019 868

_W7A2530.jpg

Қазақстандағы сайлау: "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов президент сайлауына қатысуға ниетті екенін айтты деп хабарлайды КТК арнасы

"Табиғат" одағының басшысы бұл мәлімдемесін телеарнаға берген эксклюзивті сұхбаты барысында жасаған. 

"Бұл сайлауға өзім барамын. Мені өткізбесе, демек, мен өзіме ұнаған кандидаттың командасына қосыламын" , - деді Елеусізов.

Саясаткердің сөзінше, сайлауға ол қалай болғанда да қатыспақ. Одақ басшысы тіпті заңнама өзгерген жағдайда да, президенттікке үміткер болуға барлық заңдық негізім бар деп сенімді түрде айтып отыр.

Елеусізов өзіне кедергі келтіріп, тосқауыл болмауға кеңес берді.

Назарбаевтың жиені Меккеде мұсылмандық парызын өтеп жүр (видео)
Өзбекстанға барған Тоқаевты әуежайдан премьер-министрдің өзі мен СІМ күтіп алды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу