«Астанада, ой, Нұр-Астанада»: Жас вице-министр елорда атауын шатастырды

Oinet.kz 08-04-2019 1108

4f93267cee592ddb.jpg

Қаржы министрінінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов желі жұлдызына айналды. 

Тілшілердің сұрақтарына жауап беру кезінде ол елорданың атауынан жаңылысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

"Алматы, Астана... а, яғни, Нұр-Астанада... ой, Нұр-Сұлтанда, кешіріңіздер", - деп вице-министр кешірім сұрады

Желі қолданушылары бұл жағдайға түсіністікпен қарап, бұл жайтты талқыға салмады. Әйел адамдар жас шенеунікті сүйкімді деп есептеді.

"Қандай сүйкімді", "Осындай ашық, мейірбан шенеунікті алғаш көргенім", "Барлық адамда мұндай келеңсіздіктер болады. Сасқалақтап қалды, сөге көрмеңіздер", - деп пікір білдірді оқырмандар.

Кейбір желі қолданушылар өздері де осындай жағдайға тап болып жататындарын мойындады.

Еске сала кетейік, 20 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласына "Нұрсұлтан" атауын беруді ұсынған болатын. 23 наурыз күні Астана қаласының атауы ресми түрде Нұр-Сұлтан болып өзгерді.

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg

Президент облыстарда медицина саласында мәселелер барын айтты
Кәрім Мәсімовтің әкесі қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу