Президент облыстарда медицина саласында мәселелер барын айтты

Oinet.kz 07-04-2019 804

66dc07ff-1e85-4c6b-9bc4-fa17e966747f.jpeg

Oinet.kz хабарлайды - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттер парақшасында халықты жаппай медициналық қызметпен қамтамасыз ету жайлы пікір білдірді.

"Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Биыл бұл күн халықты жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамту тақырыбына арналып отыр. Қазақстанда денсаулық сақтау саласына республикалық бюджеттен 1 триллион 180 миллиард теңге бөлінген. Көп шара атқарылып жатыр, оның ішінде, ТМККК аясындағы жұмыстар да бар. Дегенмен, бұл жеткіліксіз. Әлі күнге дейін аймақтарда қарапайым медициналық қызмет алуда қиыншылықтар бар. 

Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беру керек. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі менің жіті бақылауымда", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Screenshot_2.jpg

Мирзияев пен Арипов аудан әкімдеріне сөгіс жариялап, қызметтен босатты
«Астанада, ой, Нұр-Астанада»: Жас вице-министр елорда атауын шатастырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу