Тоқаев ажырасса да неке жүзігін тастамай жүр
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге сапары кезінде бірқатар ресми іс-шараларға қатысып үлгерді. Ең қызығы, Ақорда жариялаған президент өмірбаянында ажырасқаны мәлімделген Тоқаев Мәскеуде өткізген кездесулердің барлығында неке жүзігімен болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
3 cәуір
Владимир Путинмен Кремльде өткен бірінші кездесу. Қазақстан президентінің қолында неке жүзігі жарқырап тұр. Алайда, ажырасқан Ресей басшысын да жүзік жоқ.
Тоқаев пен Путиннің баспасөз өкілдері үшін бірігіп жасаған мәлімдемесі кезінде олардың қолын байқамау мүмкін емес. Екеуі де біресе қолына құжат ұстап, біресе үстелге сүйеніп отырды.
4 сәуір
Мәскеуде белгісіз сарбаздың қабіріне гүл шоғын қою рәсімі. Бұл жолы да неке жүзігі Тоқаевтың қолынан табылды.
Ресей Федералдық Жиналысы федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесу.
Қасым-Жомарт Тоқаев оң қолымен мәртебелі қонақтар кітабында жазба қалдырды. Бұл жолы да президенттің неке жүзігімен болғанын аңғаруға болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін президенттің ресми сайтында Тоқаевтың өмірбаяны жарланып, онда мемлекет басшысының ажырасып кеткені жөнінде хабарланған.
Алайда, бұл ақпаратқа қарамастан, Тоқаев әлі де ел алдына неке жүзігімен шығып жүр.