ҚР Президенті: Ресеймен мызғымас достығымызды растайтыныма қуаныштымын
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге сапары алдында "Российская газета"сұрақтарына жауап берді. Қазақстан Президенті ретінде алғашқы шетелдік сапарын неліктен Ресейге жасайтынын, сапар бағдарламасының қандай болатынын және ең бастысы Владимир Путинмен кездесу кезінде қандай мәселе талқыланатынын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Инаугурациядан кейінгі қысқа уақыт ішінде Владимир Владимирович Путиннің шақырғанына ризамын. Бұл - менің мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы сапарым және мен елдеріміздің арасындағы достық, одақтық және стратегиялық әріптестік байланыстардың ажырамас деңгейін растауға қуаныштымын", - деді Тоқаев ресейлік журналистерге.
Президенттің айтуынша, қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастар бүгінде мемлекетаралық байланыстың эталоны бола алады.
Тоқаев елдеріміз арасындағы одақтастығымыз және стратегиялық серіктестігімізді нығайту мәселелері алдағы келіссөздердің бас тақырыбы болады деп болжады.
Сондай-ақ Тоқаев Еуразиялық интеграцияның болашағы туралы не ойлайтынын айтты.
"Әлемдік саясаттағы теріс жағдайларға қарамастан Қазақстан еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді ауқымды түрде қолдауды жалғастырып келеді.
Батыс пен Ресей арасындағы қатынастар қалыпқа келеді деген үміттіміз. Бұл ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттердің және басқа елдердің мүддесі үшін маңызды. Өйткені ол Үлкен Еуразияның жалпы сауда әлеуетін нығайтады және бүкіл әлемдік экономикалық жүйені емдейді", - деді ол.
Сондай - ақ, президент Қазақстан мен Ресейдің " қытайлық "Бір белдеу-бір жол" атты жобасына қатысуы және "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы сөз етті.
"Біз Орталық пен оның аясында құрылған биржа Ресей кәсібі, ТМД елдері мен бүкіл Батыс және Орталық Азия аймағы үшін тиімді болады деп үміттенеміз. Еуразиялық аймақтағы компаниялар үшін арнайы нарық сегменті құрылып, Жібек жолын жаңғырту бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылады", - деп атап өтті Қазақстан президенті.