Президент тапсырмасына орай, Қарағанды облысының әкімі Твиттерде парақша ашты

Oinet.kz 29-03-2019 1029

Screenshot_5.jpg

Oinet.kz хабарлайды - Әкімдермен болған жиында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оларға халыққа жақын болу үшін әлеуметтік желілермен жұмыс істеуді тапсырған болатын.  

«Біз қарапайым адамдардың әлеуметтік көңіл-күйін уақтылы білуіміз және оларға дер кезінде жауап беруіміз керек. Қоғамдағы ахуалды бес саусақтай біліп отырған абзал. Әсіресе, сайлау алдындағы кезеңде әкімдер қоғамдық сұрауларға тез жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн. 

Әлеуметтік желілермен тиянақты жұмыс істеу керек. Мессенджерлерде түрлі топтар ашып саясатты түсіндірген оңай. Осы арқылы қоғамдағы ахуалды қалыпты түрде басқаруға болады. Халықпен кері байланыс әлі дамымай тұр. 17 әкімдіктен төртеуінде ғана Колл орталықтар бар. Сондай-ақ, жеті өңірде ғана мобильді халықтық бақылау бар», - деген еді Президент. 

Тапсырманың ізін суытпай, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов әлеуметтік желіде парақша ашты. Ол Президент пайдаланатын Твиттер желісінде парақша жүргізуді қалаған екен.

Screenshot_3.jpg

Screenshot_19.jpg

Мадина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды
Ішінде тапанша мен қыруар ақша бар Camry 55 көлігі мен Талдықорған әкімін не байланыстырады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу