«Қаламқас» кен орнындағы өрт толықтай сөндірілді - Энергетика министрлігі

Oinet.kz 28-03-2019 753

5c378ac7ed7666eb98032a42e69e536d.jpg

«Қаламқас» кен орнындағы өрттің ошағы сөндірілді. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек мәлімдеген.

"28 наурызда 01:05-те «Қаламқас» кен орнында №8237 ұңғыма жанындағы грифоннан шыққан өрт сөндірілді», - деп хабарлады ол.

Қазіргі таңда газ-су қоспасы атқылап тұрған жоқ және грифондар жабылды.

Еске сала кетейік 25 наурыз күні сағат 07:10-да Маңғыстау облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне «Қаламқас» кен орнындағы ұңғымадан шыққан газ жанып, биікті 10 метрге дейін жалын атқылап тұрғандығы хабарланды.

Screenshot_19.jpg

Мұхтар Құл-Мұхаммед Дариға Назарбаеваның бұрынғы орнына отырды
Бұрынғы Бас прокурор ант қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу