Дархан Қалетаев - Сағынтаевтың бірінші орынбасары қызметіне кірісті
Дархан Қалетаев Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қалетаев Дархан Аманұлы Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын», - деп жазылған Ақорданың ресми сайтында жарияланған текстте.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 1 наурызда Дархан Қалетаев Премьер-Министрдің кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. Жаңа лауазымда Калетаев бір айдан аз жұмыс істеді.