Келесі Президент - Самат Әбіш пе?

Oinet.kz 30-05-2018 18999

Ескерту: Мақала 20.05.18 жылы жарияланды

Қазақстанда бір жыл бұрын ел президенті сайлауына өзін-өзі ұсынуға тыйым салу туралы норма енгізілді. Ең жоғары лауазымға партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынған кандидаттар ғана сайлауға түсе алады. Саясаттанушы Андрей Чеботаревтың пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрагерлерінің аясы тарылып жатыр деп хабарлайды Sputniknews.kz

Қазақстанның екінші президентіне қазіргі ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаевта бар өкілеттіктер берілмейді. Билік транзиті жайлы мұндай пікірді "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарев білдірді.

d6fe0f821527c6a514c196d931b3491c.jpg

Президенттің қызынан "көлеңкелі кардиналға" дейін   

Чеботарев қазіргі таңда Қазақстанда "өз қатарын тазалау" жұмыстары жүріп жатыр деп есептейді. Сонымен қатар ол елдегі билік транзиті өзбек сценарийі бойынша өтетініне күмәнмен қарайды. Сарапшының айтуынша, Қазақстан жайлы не айтсаң да, көрші елдің элитасы анағұрлым ұйымшыл. Нұрсұлтан Назарбаев, саясаттанушының пікірінше, бөлшектелген билік топтарындағы тепе-теңдікті сақтай алады.       

"Біздің сарапшыларды екінші президент кім болатыны қызықтырады. Өз басым бұл сұраққа басымды қатырмаймын. Кім болса да, ол адам екінші Назарбаев болмайды. Бұл менің топшылауым. Тіпті өкілеттігі бойынша алып қарайтын болсақ. Қазақстанның екінші президенті болуға ұсынылмаса да, кем дегенде үміткерлерді талқылап, шешім шығарып, ықпал етуге құқығы бар тұлғаларды атап бере аламын", — дейді Чеботарев.

Саясаттанушы өз тізімін екі топқа бөлді: біріншісі – отбасы мүшелері, екіншісі – Назарбаевтың төңірегіндегі адамдар.

Бірінші орында Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы – парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаева. "Құқықтарын алға тартатындар" тізімінде – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш, Чеботарев оның Назарбаевтың немере інісі екенін айтты.

Одан кейінгі кезекте – Ахметжан Есімов, қазір "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы.

Саясаттанушының төрттігіне Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев кіреді. Бірақ, оның пікірінше, Құлыбаев соңғы жылдары саясаттан алшақтап кетті. "Дегенмен, ол айтарлықтай беделді тұлға", — дейді Чеботарев. 

Президентке жақын тұлғалардың ішінен саясаттанушы сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевты және мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинді, президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековті, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовті, сонымен бірге Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі Болат Өтемұратовты атады. Саясаттанушының пайымдауынша, бизнесмен — "көлеңкелі кардинал".

"Қазіргі премьер-министр Бақытжан Сағынтаев туралы айтпағаным, ол тек техникалық орындаушы қызметін атқарады", — дейді Чеботарев.

"Ал Тасмағамбетов ше" деген сұраққа саясаттанушы "оны да бағалаймын" деп жауап берді.

Мирзияев Назарбаев кеткенде қатты өкінді
Президенттікке кімдер таласа алмайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу