Мирзияев Назарбаев кеткенде қатты өкінді

Oinet.kz 20-03-2019

Screenshot_1.jpg

Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кететінін жариялаған соң мемлекет басшыларымен не жайлы сөйлескенін айтты.

Әлем лидерлері Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің басшысымен алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай зор қимастық ниетін білдірді.

Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевты "осындай маңызды шешім қабылдай білетін ұлы саясаткер әрі Президент" деп атады. Екі ел көшбасшылары алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Бүгін Путин мен Назарбаев телефон арқылы не жөнінде сөйлесті?
Келесі Президент - Самат Әбіш пе?

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×