ОҚО-да 12 ауылда ауыз су, 15 ауылда жарық мүлдем жоқ

Oinet.kz 28-08-2009 912

Screenshot_1.jpg

Кешегі бейсенбіде облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен  өткен кезекті мәжіліс коммуналдық меншікті басқарудың жағдайы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы  мәселелерге, оларды шешуді талқылауға  арналды.  Күн тәртібіндегі тақырыпқа байланысты қаржы басқармасының бастығы Галина Морозова мен энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Жора Насыров  баяндама жасады. Әкімшілік шығындарды қысқарту қарқынды жүргізілуде. Шешілмеген мәселелер де жетерлік. Жаңадан қоныстанған аумаққа отау тіккендіктен оңтүстіктегі 32770 отбасы жарыққа жарымай келеді. 900-ге жуық тұрғын тұратын 15 елді мекен  еліміз дамыған елулікке енуге талпынып жатқан шақта электр жарығынсыз күн кешіп майшам жағып отыр.  Табиғи газбен халықты қамтамасыз ету жалғасын табуда. Бұған дейін жұмыс істеп келе жатқан жер асты құбырларының тең жартысынан астамы ұзақ жылдардан бері ауыстырылмағандықтан ескіріп, тозып шіруге айналған.  Оған қоса газ құбырларының үстінен тұрғын үй салуға, әр түрлі құрылыс нысандарын  тұрғызуға жол беріліп кеткен. Айталық, Сайрам ауданында газ құбыры жүргізілген жерге тұрғын үйлер түсіп кеткен.   Ал Шымкент қаласының әкімі Арман Жетпісбаев газ құбырына зиянын тигізетініне қарамастан Сухе-Батор көшесін жөндеуге, жаңартуға кірісіп кеткені үшін облыс әкімінен сөз естіп, қойған сауалдарына жарытымды жауап қайтара алмай күмілжіді. Облыстағы 900 елді мекеннің 57-ісінде ауыз су мәселесін шешу күн тәртібінде тұр. 12 ауылда тіршіліктің көзі саналатын су мүлдем жоқ. Осы ауылдарға таза су жеткізуге қаржы жетіспейді. Қазірге дейін атқарылған жұмыс - 23 елді мекенге су жеткізудің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Жылу бойынша Кентау қаласында ғана қиындықтар тууы мүмкін екеніне жауапты басшылар сендіріп бақты.   

Бұл күнгі мәжілісте Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2009-2011 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары шеңберінде облыс экономикасын дамыту жөніндегі бірінші кезектегі шаралардың орындалу барысы туралы ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Қанат Ыдырысовтың баяндамасы тыңдалды. 

«Рейтинг»-ақпарат


Әкім Парламент депутаттарына "подсказ" берді
ОҚО-да 12 ауылда ауыз су, 15 ауылда жарық мүлдем жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу