Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Билік "ә" деген екен, енді "б" десін.
Мұхтар Жәкішевке бостандық берілгені оның отбасы, достары үшін үлкен қуаныш! Бұл Тоқаевтың арқасында келген шешім емес, бұл жылдар бойы Жәкішевке әділдік талап етіп келген азаматтық қоғамның жеңісі, деген пайымымен Досым Сәтпаев бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
- Билік "ә" деген екен, енді "б" десін. Біздің түрмелерімізде әлі талай саяси тұтқындар отыр ғой, биліктен мейірім мен кешірім емес, тек әділдікті ғана күтіп отырған. Билікті түсінуге болады, Қордайда қазақ көтерілді, митингтерде талай адамды қамауға алды, абақтыда Дулат Ағаділ қайтыс болды, Мұхтар Жәкішевтің денсаулығы күрт нашарлады, Ақорда мен Кітапхана абыройы түсіп, Тоқаев келгенде "енді жақсы болады" деген үміттер сөніп қалды, - дейді сарапшы.
Олардың үйренген заманы өтіп кетіпті. Енді елді ескіше басқара алмайды, деп қосады ол.
- Жәкішевті босатқандары биліктің қоғамдағы наразылықты азайтып, өз имиджін жақсарту үшін жасалған кезекті саяси технология емес екеніне сенгіміз келеді. Олар елді баяғыдай ескі әдістерімен басқару енді мүмкін емес екенін түсінгеннен мәжбүр болған шығар, деп үміттенеміз, - дейді Сәтпаев.