Сыра зауыты Тоқтар Төлешовтің әйелдері мен қыздарына миллион қарыз
"Сыра королі" Тоқтар Төлешовтің әйелдері мен қыздары Шымкенттің Еңбекші аудандық сотына келіп арыз түсірген. Олар бұрын олигархқа тиесілі болған кәсіпорыннан өздерінің жалақыларын өндіріп алуға ниетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Атап айтқанда, "Дархан Group" жауапкершілі шектеулі серіктестігінің үстінен Есенбаева Назия Жаңабаевна, Төлешова Айткүл Тоқтаровна, Жорабаева Оразкүл Құлманжановна, Сауқымбекова Сәуле Қамытбековна, Нұралиева Дина Нүркеновна және Төлешова Севиль Тоқтаровна арыз түсірген.
Олардың барлығы өз жалақыларын өндіріп беруді талап етуде.
Арыз берушілер – аса ауыр қылмыстары үшін жазасын өтеп жүрген Тоқтар Төлешовтің әйелдері мен қыздары.
Айта кетейік, "Дархан Group" ЖШС 2017 жылы Төлешовтің тұтқындалуына дейін "сыра империясының" басты кәсіпорны болған.
Бұған дейін компанияның шоттары бұғатталған еді, бірақ кейіннен кәсіпорын қызметін қайта жалғастырды.
Арызданушылардың сөзіне қарағанда, барлығы да сол кәсіпорында жұмыс істеген. Айтуларынша, 2019 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша олар миллиондаған сома табыс тапқан, кәсіпорын ақшаларын төлемеген. Жалпы қарыздың мөлшері 100 миллион теңгеден асады.