Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Аспан асты елінде коронавирустан қаза болғандар саны 2715-ке жетті. Сондай-ақ, бір тәулікте 406 жаңа коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркеліп, осы инфекциядан 52 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат порталына сілтеме берген Oinet.kz.
ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша мемлекеттік комитеті сәрсенбі күні 406 жаңа корнавирус жұқтырған адамды анықтады, ал сейсенбі күні 52 адам осы инфекциядан қайтыс болды. Өлімнің барлығы Хубэй провинциясында (Орталық Қытай) тіркелді, деп хабарлады мекемедегілер. Сейсенбі күні тағы 439 адам індет жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тіркелген. Сол күні 2422 науқас сауығып, ауруханадан шығарылды, дерттің ауыр түрінің саны азайып жатыр. Сейсенбінің соңындағы дерек бойынша, Қытайда (Сянган, Аомэнь және Тайваньды есепке алмағанда) коронавирус жұқтырған 78 064 адам тіркеліп, 2 715-сі осы аурудан өлді. Тағы 2491 адамда коронавирус инфекциясын жұқтырды деген күдік бар, деп толықтырды комитеттегілер. Елде 29 745 адам дертінен айығып, ауруханадан шығарылды. Науқастармен тығыз байланыста болған 79 108 адам медицина қызметкерлерінің бақылауында.