Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды

Oinet.kz 22-02-2020 990

Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болды. Мемлекет басшысының Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

photo_64030.jpeg

«Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Президент Жарлығымен Самат Исламұлы Ордабаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Қарумен бірге қашып кеткен сержанттың ауылдастары әскери жайлы бар шындықты айтты
Жол-патрульдік полициясының бір күні... Капитан толғақ қысқан келіншекке қалай көмектесті?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу