Қазақстан әскерінде 40- қа жуық дүнген бар

Oinet.kz 14-02-2020 1187

Елімізде қырыққа жуық дүнген жігіті әскерде борышын өтеп жатыр. Бұл туралы қорғаныс министрлігі мәлім етті. - деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ  порталына сілтеме берген Oinet.kz.

20190314202152.jpg

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл "әскерде 40-қа жуық дүнген бар" деген мәліметті жоққа шығарған болатын.  Бұған дейін ол өзінің Facebook-тегі парақшасында "бірде-бір дүнген қазақ әскерінің қатарында қызмет етпейтіні" туралы жазған. 

"Әлеуметтік желілерде тараған дүнгендердің әскери қызметтен бас тартатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - дейді Бақытбек Смағұлов.

Қазақстанда дүнген ұлтынан 40-қа жуық сарбаз мерзімді әскери қызметін атқарып жатыр.

Өткен жылы 30 мыңнан астам сарбаз шақырылды, оның ішінде қазақтар, орыстар, татарлар, немістер, украиндар, ұйғырлар, өзбектер және басқа ұлт өкілдері бар", - деп хабарлады қорғаныс министрлігі. Сонымен қатар, ведомство әскерге шақырылушыларды іріктеу кезінде олардың ұлты емес, тән саулығы, психологиялық және моральдық орнықтылығы, жеке қасиеттері басты өлшем ретінде қарастырылатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан алғашында 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алды.

9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.

Соңғы деректерге сәйкес, медициналық көмекке 178 қазақстандық жүгінген. 19 құқық қорғау органдарының қызметкерлері зардап шегіп, оның жартысы оқ жарақатын алған.

Аталған жағдайдан соң 25 қылмыстық іс қозғалған. Аталмыш оқиғадан соң мемлекет басшысының бұйрығымен бірнеше лауазымды тұлға қызметімен қош айтысқан.

Ақпарат министрі Айсұлтан Назарбаевтың Facebook-тағы жазбасына пікір білдірді
Ақтөбеде теракт жасаған қылмыскер өз өзіне қол жұмсаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу