Төбелес болмаса теңге бөлінбес пе еді
26-11-2020
7 ақпандағы Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жанжал кезінде екі бірдей дүкені өртеніп кеткен Рамазан есімді дүнген жігіті пікір білдірді деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Ол осы оқиғадан кейін Қырғызстанға кетіп қалмақшы болған. Бірақ қайтып оралды.
- Өзім осы Масанчиде туып өскенмін. Оқиға болған күннің ертеңінде Қырғызстанның шекарадағы Тоқмақ қаласына бармақшы болғанбыз. Бірақ қайтып алып келді. Қазіргі кезде отбасым мешітте тұрып жатыр. 35 жастамын. Жиеніме осы төбелесте оқ тиген. Бүгін қайтыс болды, – дейді Рамазан.
Оның айтуынша, Масанчи ауылында 2 дүкені бар екен.
- Жұма күні (7 ақпан) кешкі сағат 19:30 кезінде дүкенім өртенді. Олар тас лақтырды. Сосын жауып тастағанмын. Сосын өздері ашып, ішіндегі тауарларды алып кетті. Енді мемлекет қолдау көрсетсе жақсы болар еді, – дейді ол.