Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры Қайрат Көпбаев екі айға қамалды

Oinet.kz 06-02-2020 1004

Қорғаныс министрлігінің пара алды деген күдікке ілінген генерал-майоры Қайрат Көпбаев екі айға үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Stan.kz порталына сілтеме жасап.

200205191215959a3611481i.jpg

Қорғаныс министрлігі айтылған жайтты растап отыр. 

«Жемқорлыққа қарсы келісім аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе жүргізген шаралардың арқасында ҚР Қорғаныс министрлігінің кадрлар департаментінің бұрынғы бастығы – генерал-майор Көпбаев ұсталып, қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта генерал-майор Көпбаевқа қатысты 2 ай мерзімге үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп мәлімдеді ҚР Қарулы күштері әскери полициясы бас басқармасы бастығының орынбасары Бекен Шынтілеуов. 

Сөзінше, БАҚ-та генерал-майор Көпбаевтың кадрлар және әскери білім департаментін басқаратыны жайлы ақпарат тарап кеткен. 

«Бұл мәлімет дұрыс емес. Лауазымды қызмет пен әскери атағына қарай оның лауазымы – ҚМ кадрлар департаментінде болған. Оның әскери білім департаментіне қатысы жоқ», - деді Бекен Шынтілеуов.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Қорғаныс министрлігінің генералының бірнеше рет пара алғандығы әшкере болғаны туралы айтылған еді. 

Экс-вице-министр Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Елбасы Бауыржан Байбекке тапсырма берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу