Елбасы Бауыржан Байбекке тапсырма берді

Oinet.kz 06-02-2020 1043

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады.  

Байбек партия активі құрамының сапасын жақсарту жұмысы мен саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындық мәселесі туралы баяндады.

3AFE1689-6C1D-4721-A7DC-FAEB754EEB90.jpeg

"2019 жылы партиядан 213 мыңнан астам азамат көмек сұрады. Бұл бұған дейінгі жылмен салыстырғанда 34%-ке көп. Әлеуметтік сауалнаманың мәліметіне сәйкес, әрбір төртінші қазақстандық қандай да мәселе туындаған кезде Nur Otan партиясына жүгінеді", - деді Байбек.

Назарбаев партия қазақстандықтардың проблемаларын шешуге белсенді қатысуы тиіс екенін айтты.

"Атырау мен Астрахань арасында жол құрылысы жүріп жатыр. Ақтөбе-Атырау жолы салынады. Ірі автомагистральдердің құрылысы аяқталған соң облыс ішіндегі жолдарға көңіл бөлу керек. Бұл адамдар үшін маңызды", - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы орнын сақтап қалған болатын. Ол Байбекке бірқатар тапсырма берді. 

Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры Қайрат Көпбаев екі айға қамалды
Сергектен қашпа! Алматыда нөмірсіз жүргендерді «аулайтын» рейд басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу