Нұр-Сұлтанда бастауыштар сабаққа бармайтын болды
Бастауыш сынып оқушылары боранға байланысты жұма күні сабаққа бармайды. 16 қаңтар күні сағат 22:15-тен бастап астанадан барлық бағытқа жолдар жабылған болатын.
Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты бастауыш сыныптарда сабақ болмайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған Oinet.kz.
"Ауа райының бұзылуына байланысты бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларында сабақ болмайды", - деп жазылған астаналық білім басқармасының хабарламасында.
Астанада 17 қаңтар күні дабылды ескерту жарияланды. Боран мен көктайғақ болады. Сондай-ақ, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
Бейсенбі, 16 қаңтар күні сағат 22:15-тен бастап астанадан барлық бағытқа жол жабылған болатын.