Доллардың бағасы тағы түсті
Доллардың орташа алынған бағамы 377,71 теңгені (-1,96) құрады.
Қазақстан қор биржасында (KASE) 16 қаңтардағы шетелдік валюта сауда-саттығы қорытындыланды, деп хабарлайды zakon.kz ақпараттық сайтына сілтеме жасаған oinet.kz.
Доллардың орташа алынған бағамы 377,71 теңгені (-1,96), сауда көлемі 145 730 мың долларды құрады.
15 қаңтарда биржадағы доллар бағамы 379,70 теңгені құраған болатын. Осы тұрғыдан алғанда, доллар 2 теңгеге жуық көлемде құнсызданды.
Ақша айырбас орындарында 1 АҚШ доллары 377,5-378,9 теңге аралығында сатып алынып/ сатылып жатыр.
Шетелдік валюталар сауда-саттығына KASE-нің 22 мүшесі қатысты.