Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Желтоқсан айының соңында Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағында жүкті әйелді қорғап қалған Темірлан Қадауов марапатталды деп хабарлайды Nur.kz
Алматы полициясы ғимаратында ішкі істер министрінің бұйрығымен 23 жастағы Темірлан Қадауовқа "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалі табыс етілді.
Фото: Алматы қаласының полиция департаменті
Марапатты жас батырға қалалық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев тапсырды.
"Жас жігіт төтенше жағдайда батылдық көрсетіп, жанында отырған жүкті әйелді денесімен жауып қалды. Одан бөлек, жарақат алғанына қарамастан ұшақтағы жолаушылардың тез арада ұшақтан шығуына көмектесті. Темірлан Қадауов бұл марапатқа әбден лайық. Бұл, бірінші кезекте, халықтың батырға деген алғысы, ризашылығы деп түсінген жөн", - деп атап өтті полиция.
Еске салайық, "Bek Air" әуе компаниясының ұшағы құлаған сәтте жолаушылардың бірі жанында отырған жүкті әйелді денесімен жауып, аман алып қалған.
Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Бірнеше сағат өткен соң қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.
Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.
Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Роман Склярдың және бірнеше жауапты тұлғаның қатысуымен болған баспасөз брифингінде ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
"Bek Air" әуе компаниясының ұшағы құлаған сәтте жолаушылардың бірі жанында отырған жүкті әйелді денесімен жауып, аман алып қалған.