Қазақстанда көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру қызметі тоқталды
Қазақстанда мемлекеттік корпорация өкілдері көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтерді көрсету уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Оған жүріп жатқан техникалық жұмыстар себеп болған деп жазады, nur.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
Қазіргі таңда, жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша реттеу жұмыстарын жүргізіліп жатқаны белгілі болды.
Ведомство еліміздің ішкі істер министрлігінің бастамасына сәйкес, арнайы маманданырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылып келген барлық ақпараттық жүйелер мн қызметтер мемлекеттік маңызы бар "Ақпараттық-өндірістік орталығы" мекемесіне берілгені хабарлады.
Жаңа жүйені іске қосу үшін жұмыстар жүргізіліп жатқандықтан автокөлік иелері үшін арнайы мамандандырылған ХҚКО-тары төртінші қаңтар күні қызмет көрсетпейді.