Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Өткен аптада жарық көрген «Рейтинг» газетінде біз Өскеменнің іргесінде «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша оралмандарға арнап тұрғызылған «Шығыс» мөлтекауданы халқының нарызылық білдіріп, көпірді жауып тастағанын, ақыр аяғында жағдай ушығып бара жатқан соң облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың олармен арнайы кездесуіне тура келгенін жазған едік. Айта кетейік, аталған мөлтекаудандағы оралмандарға арнап салынған тұрғын үйде барлық жылыту жүйелері электр қуатымен жұмыс істегендіктен әр тұрғынның жарық таратушы мекеме алдындағы қарызы 300 мың теңгеге дейін қордаланып қалған. Қарызды уақытылы төлеу туралы қайта-қайта берілген ескертуге құлақ аспаған соң, монополистерге электр желілерін ажыратып тастаудан басқа амалдары қалмаған. «Шығыстағы» у-шуға себеп болған осы жағдай.
Шығыстағы оралмандар Бердібек Сапарбаевтың жүйкесін тоздырып жатқанда Оңтүстіктегі Ақтас ауылының оралмандары облыс әкімі Асқар Мырзахметовты әжептәуір абыржытып тастады.
Өскеменде қазір мәселені шешу үшін құрылған комиссия «Шығыстағы» оралман отбасылар арасында көптеген әлеуметтік мәселелердің қордаланғанын алға тартуда. Оның ең бастысы жұмыссыздық. Бірақ өңір басшысы мұнымен келіскісі келмейді.
--Заң бәріне ортақ, коммуналдық қызметке ақшаны барлығы төлеуі тиіс,—деген Б.Сапарбаев оралмандардың «өкімет асырасын» деген пиғылға тым беріліп кеткеніне қынжылыс білдірді.—Осыдан екі жыл бұрын әрбір оралманға жұмыс ұсынылған. Біреуді балабақшаға, біреуді мектепке, біреулі құрылысқа тұрғыздық. Бірақ олар жұмысын, жалақысын ұнатпады. Жарайды дедік. «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша белгілі бір кәсіпті игеруге мүмкіндік бердік. Оны да қаламады. Олай болса, кешірерсіздер! Менің ойымша, мемлекет оралмандарға қажетті жағдайдың бәрін жасап берді,--деді ол.
Ал Шымкенттің іргесіндегі Ақтас ауылында қазір 60-қа тарта оралман отбасы тұрады. Осыдан алты жыл бұрын оларға арнап осы арадан жер телімі берілген. Тұрғын үйді олар өз күштерімен тұрғызыған. «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша салынған мөлтекаудандарға, олардың инфрақұрылымын дамытуға қаржы қазынадан миллиардттап бөлініп жатқан кезде Ақтасқа соқыр тиын да тамбаған. Осы уақытқа дейін ауылдың халқы жарықсыз, сусыз, газсыз, жолсыз күн кешіп келеді. Басшылардың «әні тартамыз, міне тартамыз» деген сөзіне сенуден қалған оралмандар апта басында облыс әкімдігінің алдына келіп, облыс басшысы Асқар Мырзахметовпен кездесуді талап етті. Әкім олардың талап-тілегін тыңдаудан қашқан жоқ. Бірақ облыс басшысы Бердібек Сапарбаев сияқты «оралмандарға қажетті жағдайдың бәрін жасап бергенбіз» деп айта алмады.
--Әлеуметтік мәселесі шешілмеген ауылдар облыста көп. Олардың барлығы да бекітілген кестеге сәйкес шешіледі,--деген А.Исабекұлы Ақтасқа тамызда ауыз су, келер жылы жарық тартылатынын мәлім етті. Шымкенттің жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыға осы мәселені бақылауға алуды тапсырды.
«Рейтинг» газетінде бұған дейін Шымкентке жақын орналасқан Жалын, Шаңырақ, Ақтас ауылдарындағы оралмандардың мүшкіл жағдайы туралы, есесіне «Асар» мөлтекауданына бірнеше мәрте мәселе көтерілген еді. Алты жыл дегеніңіз әрине, аз уақыт емес. Алты жыл бойы жарықсыз, сусыз, жолсыз, көгілдір отынсыз отыруға «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша салынған «Шығыс» мөлтекауданының халқы көнер ме еді? «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» деген осы ғой.
06.06.2012 ж