Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Үкіметтің жаңа басшысы Серік Ахметов қызметке тағайындалғаннан кейінгі алғашқы іссапарын Оңтүстік Қазақстан облысынан бастағаны белгілі. Бұл кездейсоқтық па, әлде әдейі ұйымдастырылған әрекет пе, мәселе онда емес. Мәселе – жаңа Премьер жұмысының біссімілләсін қазақылықтың қаймағы сақталған өңірден бастап, қасиетті Түркістанға табан тіреді.
Серік Ахметов
Сұлтан кесенесіне зиярат етті. Бұл ұлттың салт-дәстүрін, ана тілін құрметтей білетін азаматтың ғана қолынан келетін шаруа болса керек-ті. Осы алғашқы сапарында Серік Нығметұлы облыстың 80 жылдығына арнап ұйымдастырылған салтанатты жиында қазақ тілінің жанашыры Мұхтар Шахановпен ерекше ілтипатпен сәлемдесіп, құшағына қысты. Бұл да ақиық ақынға ғана емес, қазақ тіліне деген құрметтің көрінісі іспетті болғанын ел әңгіме етісті. Енді, міне, ресми жиындарды да мемлекеттік тілде өткізуге белсене кірісіп кетті. Ақпарат құралдары «Үкімет ел үмітін үкіледі, Үкімет отырыстарын мемлекеттік тілде өткізу жөнінде шешім қабылдады» деп жаза бастады. Тіпті, орыс тілді басылымдар да.
Иә, шынында да Серік Ахметов Үкіметтің отырыстары мен алқалы жиындарын бұдан былай мемлекеттік тілде өткізу жөнінде шешім қабылдады. Бұл шешімнің күші қағаз жүзінде ғана емес екенін дәлелдеген Премьер осы аптаның сейсенбі күні өткізген Үкімет отырысын бастан-аяқ қазақ тілінде жүргізді. Қазақша сөйлегенде тілі бұралып, маңдайынан суық тері шығады дейтін Қаржы министрі Болат Жәмішевтің өзі Парламенттің «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттің» жаңа нұсқасын қабылдауына орай Үкімет қаулысына енгізетін өзгертулер мен толықтырулар жобасына байланысты баяндамасын толықтай ана тілінде жасап шықты.
Жиын барысында қазақ тілін әлі де түсінбейтіндер үшін ілеспе аударма пайдаланылды.
Үкімет қазақша сөйлемей, биліктің мемлекеттік тілге мұрын шүйіріп қарауы жалғаса берері сөзсіз. Тәуелсіз ел тарихында ең ұзақ отырған (әзірге) Премьер ретінде аты аталатын Кәрім Мәсімов бүкіл халықтың алдында «жуық арада қазақ тілін таза меңгеріп шығамын» деген уәдесінің үдесінен толықтай шыға алмағанының куәсі болды. Жақсы бастаманы жоғарыдағылардың өздері бас болып бастамайынша төмендегілердің табаны көтерілмейтіні бесенеден белгілі. Тәуелсіздің туы желбіреген 21 жыл уақыт аралығында жан-жақты жағдай жасалса да мемлекеттік тілді үйренбегендер ендігі жуық уақытта меңгере қояды дегенге сену қиын. Демек, мемлекеттік тілдің қажеттілігін арттыру ғана қалды. Міне, мұндай батыл қадамды Үкіметтің жаңа басшысы Серік Ахметов жасай алды. Ендеше, қуаныш ұзағынан сүйіндіргей!