Елбасының «аты» өшті
17-02-2023
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың алғашқы құрылысына атсалысушылармен кездесті, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кездесу барысында үзеңгілестерімен бірге елорданың құрылуы және даму тарихына арналған көрмені аралады. Онда Елбасы кітапханасының музейі, мұрағаты және кітапханасы қорынан мыңға жуық экспозиция қойылған.
Қазақстанның Тұңғыш президенті астананың алғашқы құрылысына атсалысушыларға арнайы "Назарбаев орталығының" экспозициялық алаңында экскурсия өткізді.
Сондай-ақ, Елбасы елорданы Алматыдан Ақмола қаласына көшірген кездер жайлы естеліктерімен бөлісті.
"Жақын серіктестерім мен адал үзеңгілестерімді көргеніме өте қуаныштымын. Сіздер әсем қаламызды салу барысында әрқашан маған сенімді қолдау көрсеттіңіздер", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
10 желтоқсан барлық қазақстандық үшін, әсіресе елорда тұрғындары үшін ерекше күн. Осыдан тура 22 жыл бұрын елорданы Алматы қаласынан Ақмола қаласына ресми көшіру жүзеге асырылды. Осылайша 300 мыңға жуық халқы бар шағын қала республикамыздың жаңа астанасына айналды.