2023 жылға дейін барлық ауылға сапалы ауыз су берілмек

Oinet.kz 25-11-2019 872

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кеңесінде ауылдарды қолдау жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлайды  Elbasy.kz сайтына сілтеме жасаған Oinet.kz

c.jpg

«Үкімет аймақтарды, әсіресе ауылдарды қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құрып, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламалар қабылдады. Мәселен, 2026 жылға дейін ауылдарды қолдауға шамамен 2 триллион теңге бөлу жоспарланған. Алдағы 3 жылда халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге 560 млрд теңге бөлінеді. Егер орындалуын қатаң бақыласақ, 2023 жылдың соңына қарай барлық ауылдық елді мекендер сапалы ауыз суға қол жеткізеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының өңірлік филиалдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді. 

Мемлекет басшысы Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының академигі Серікбек Дәукейді қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу