Елбасы Жоғарғы cот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Oinet.kz 21-11-2019 975

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы cот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды elbasy.kz порталына сілтеме жасаған Oinet.kz. 

НАЗАРБАЕВ.jpg

Кездесу барысында соттар мен жалпы сот жүйесін реформалау нәтижелері талқыланды. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті заң үстемдігін қамтамасыз ету және халықтың сотқа деген сенімін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. 

- Жасалып жатқан жұмыстың бағыты дұрыс. Бүгінгі таңда судьялар алдында күрделі міндеттер тұр. Халық әділдік іздеп сотқа жүгінеді. Ең бастысы – сот әділдігін қамтамасыз ету. Барлығы заң аясында болуы шарт, - деді Елбасы.

Мәскеуде қазақстандық Ауған соғысының ардагерлері марапатталды
Гонконгтағы митинг кезінде қазақстандық студент ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу