Қазақстанда блогерлер салық төлейтін болды
15-01-2024
Қазақстандағы АҚШ-тың Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Х. Мозер мен премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр кездесті, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі infom.kz сайтына сілтеме жасап.
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Уильям Х. Мозермен әңгімелесу барысында бүгінде АҚШ Қазақстанның халықаралық аренадағы ең маңызды серіктестерінің бірі болып табылатынын, ал екі ел арасындағы қарым-қатынас көптеген жылдар бойы достық пен өзара түсіністік рухында қалыптасып келе жатқанын атап өтті. Елші және дипмиссия өкілдерімен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарын одан әрі нығайтудың перспективалары талқыланды.
Тараптар екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті салаларындағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаларға арналған екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады.
Екі ел қарым-қатынастарды дамытудың оң бағытын одан әрі сақтауға және оларды экономикалық, саяси, сондай-ақ әлеуметтік салаларда одан әрі нығайту бойынша барлық күш-жігерін салуға келісті.