Ахметжановтың артықшылығы...
22-04-2021
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» үлкен портфельдік компаниялары IPO-ға шығады. Сонымен қатар, Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Өскемен қаласына жұмыс сапары барысында қорды жекешелендіру бағдарламасының болашағы туралы айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Ахметжан Есімов сөз алдында зауыт ұжымын мерейтойларымен құттықтады. Айта кетейік, «Үлбі металлургия зауыты» «Самұрық-Қазына» қорының ірі қоржындық компанияларының бірі – «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның еншілес кәсіпорны.
«Қазатомөнеркәсіп» әлемнің қаржы нарықтарына табысты шықты, бұл – компания халықаралық деңгейде танымал екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, халықаралық қаржы нарығы компанияның табысты дамуына, корпоративтік ашықтық пен басқаруына жағдай жасайды.
Сондай-ақ, «Қазатомөнеркәсіп» әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші. Бұл компания әлемдік уран өндірісінің 23 пайызына ие және де шамамен 21 мың адамды жұмыспен қамтып отыр.
Ахметжан Есімов атап өткендей, Үлбі металлургия зауытында жаңа технологиялар енгізілмек, сәйкесінше, тың өзгерістердің арқасында Қазақстанның алдынан жаңа нарықтарға жол ашады.
«Үлбі метталургия зауыты қазір төрт мыңға жуық жоғары білімді маман жұмыс істейтін әлемдік маңызы бар үлкен заманауи өндіріс. Қолданыстағы технологиялардың арқасында уран өндірісі жылына 3600 тоннадан 6000 тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. 2020 жылы зауытта таблеткалық өндірісті жаңғырту жөніндегі жоба аяқталады. Осының арқасында, елімізде отын таблеткаларын өндіру көлемі жылына 400 тоннаға дейін артады», - деді сөз соңында Ахметжан Есімов.