Бурабай курорттық аймағын дамыту қолға алынды
Шучье-Бурабай курортық аймағын дамыту мақсатында үш жоба қолға алынып отыр. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Мыржықпаев Шучье-Бурабай курортық аймағын дамыту жоспары жайында айтып берді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыс басшысының айтуынша, осы саладағы жұмыс үш жоба бойынша жүргізіледі. Біріншісі – Щучье көліндегі коттедж қалашығы. Жоба Біріккен Араб әмірліктерінің инвесторымен бірлесіп салынады. Екіншісі - "AQBURA Resort" отбасылық үлгідегі заманауи курорты. Ал Бурабай кентінде "Promenade" жобасын іске асыру жоспарланған. Бұл демалыс және табиғи-мәдени мұра орталығы болады.
"Promenade-Бурабай туралы айтатын болсақ, ол жерде үлкен бір конгресс-орталықты салайын деп жатырмыз. Онда біз барлық тарихи ескерткіштерімізді цифрлық форматта жасап шығаруды жоспарлап отырмыз. Барлығы бір жерде болады. Бізде Шучье-Бурабай курортық аймағы ғана емес, Қорғалжын, Ерейментау сияқты тарихи жерлер бар. Осының бәрін бір орталықта жинақтап, цифрлық форматта көрсетуді көздейміз", - деді Ермек Мыржықпаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.