Димаш Құдайберген: «Дәл қазіргі сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес»

Oinet.kz 29-10-2019 895

Димаш Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігіне барды

Димаш Құдайберген Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігіне барды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

СІМ жарияланған ақпаратта Димаш Құдайбергеннің Қазақстанның Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігіне барып, қазақстандық дипломаттармен және олардың отбасыларымен кездескені жазылған. «Танымал қазақстандық әнші БҰҰ штаб-пәтерінде де болып, алған әсерлерімен БҰҰ Жаңалықтар қызметіне берген сұхбатында бөлісті», - деп атап өтеді ведомстводан. 

«Дәл қазіргі сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Өйткені, бүгін тағдырдың арқасында маңызды кабинеттерде болып, мұның барлығын өз көзіммен көру бақыты бұйырды және дүниежүзі адамдары осы жерде бас қосып, маңызды түйткілді әлемдік мәселелерді шешеді. Бәрі көз алдымда орын алды. Білмеймін, әйтеуір таңғажайып сезімді бастан кешірдім. Олардың қасына барып: «Барлық мәселелерді бүкіл әлемде соғыс болмайтындай, бүкілі бақыты әрі достықта өмір сүретіндей етіп шешулеріңізді өтінемін» деп айтқым келді», - деді Димаш еліміздің Сыртқы істер министрлігі таратқан видеода. 

Елордада 9 адамнан туберкулез ауруының алғашқы белгісі анықталды
Бурабай курорттық аймағын дамыту қолға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу