Елордада 9 адамнан туберкулез ауруының алғашқы белгісі анықталды

Oinet.kz 28-10-2019 930

image.png

23 қыркүйек пен 23 қазан аралығында өткен Нұр-Сұлтанда «STOP туберкулез» атты айлық акциясы қорытындыланды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«STOP туберкулез» әкімдіктің бастамасымен қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Акция мүшелері қаладағы халық көп жиналатын орындарды аралап, тексеру жұмыстарын өткізді. Оның ішінде қаладағы сауда орталықтары, базарлар және тұрғын үй алаптарын аралады. Дегенмен басымдық қала шетіндегі елді мекендерге берілді.

"Сондай-ақ, қаладағы емханаларда ашық есік күні ұйымдастырылып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары өткізілді. Одан бөлек, ЖОО да қамтылды, яғни 4 астаналық оқу орнында флюорографиялық тексеру жұмысы ұйымдастырылды", - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.

Туберкулез ауруына қарсы ұйымдастырылған акция 14 мың адамды қамтыды.

"Акция нәтижесінде 75 адамнан туберкулез ауруының оң белгісі бар болып табылды. Арнайы тексерулерден кейін 9 адамнан туберкулез ауруының алғашқы белгісі анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады. Алдағы уақытта жұмыс күндері тексеріле алмайтын азаматтар үшін демалыс күндері тексеру және анықтау шаралары ұйымдастырылатын болады", - деді ол.

Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығының мәліметіне сүйенсек, елордада соңғы 5 жылда аталған ауруға ұшырағандар саны 1,5 есеге қысқарған.

Лионель Месси: «Роналдо – мен көрген үздік шабуылшы»
Димаш Құдайберген: «Дәл қазіргі сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу