Елбасы: «Nur Otan партиясы халықты мазалайтын мәселелерге аса араласа бермейді»
Nur Otan партиясының Мәжіліс пен мәслихаттағы жұмысына Нұрсұлтан Назарбаев баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
Нұр-Сұлтанда Елбасының төрағалығымен және үкімет мүшелерінің, Nur Otan партиясы өкілдерінің қатысуымен отырыс өтті.
"Зерттеу нәтижесі Nur Otan партиясы депутаттарының бұқаралық ақпарат құралдарын жеткілікті қолданбайтынын көрсетті. Сондай-ақ, Nur Otan партиясы халықты мазалайтын мәселелерге аса араласа бермейді. Соңғы бірнеше айда партия мүшелері атышулы бірде-бір жағдайға қатысты өз пікірін білдірмеді", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Елбасы жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, Назарбаев Nur Otan партиясына саяси белсенділікті сақтау маңызды екенін айтып өтті.